Хабарлама

акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы

"Tansar Capital" АҚ 2023 жылғы 17 тамыз

"Tansar Capital" Акционерлік қоғамы 2023 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылы, 19/1 үй, н.п. 10А, "Нұрлы Тау" БО, 3Б блок, 7-қабат мекенжайы бойынша өтетін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.

Басталу уақыты-сағат 11: 00.

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы "Tansar Capital" АҚ Директорлар кеңесі болып табылады (04.07.2023 ж. №СД-14-07/1 хаттама).

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2023 жылғы 17 тамызда сағат 10-00-ден 10-55-ке дейін Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 19/1 үй, н.п. 10А, "Нұрлы Тау" БО, 3Б блок, 7-қабат мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама кезектен тыс жалпы жиналысы 2023 жылғы 18 тамызда сол уақытта өтеді.

 

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

1.            "Tansar Capital" АҚ Жарғысына № 1 өзгерістерді бекіту;

2.            Қоғамның ішкі құжаттарын бекіту.

 

 

"Tansar Capital" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және оған дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2023 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша "Tansar Capital" АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректері негізінде жасалады.

Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және оған дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін, осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларын иеліктен шығаруды жүргізген жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат, ал акционерлердің өкілдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат болуы қажет.

Акционерлердің жалпы жиналысы "Акционерлік қоғамдар туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі – заң) 48-бабына сәйкес күндізгі тәртіппен өткізіледі. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сырттай дауыс беру өткізілмейді.

Қоғамның акционерлері қоғамның ішкі құжаттарында айқындалған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, күндізгі тәртіппен, қашықтықтан өткізілетін Акционерлердің жалпы жиналысының отырысына қатысуға құқылы.

 

 

Акционерлердің күндізгі тәртіппен өткізілетін жалпы жиналысының күн тәртібіне мыналар енгізілуі мүмкін:

1) Қоғамның акционерлеріне мұндай толықтырулар туралы жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он бес күннен кешіктірмей хабарланған жағдайда, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер немесе директорлар кеңесі ұсынған толықтырулар;

2) егер оларды енгізуге акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын және жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде тоқсан бес пайызын иеленетін акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берсе, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

 

Күндізгі тәртіппен өткізілетін Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі, егер оны енгізуге орналастырылған (сатып алынғандарды шегергенде) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі дауыс берсе, шешімі артықшылықты акцияларға ие акционерлердің құқықтарын шектеуі мүмкін мәселемен толықтырылуы мүмкін.

Акционерлердің жалпы жиналысы оның күн тәртібіне енгізілмеген мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы емес.

 

Акционерлердің жалпы жиналысы "Акционерлік қоғамдар туралы" ҚР Заңының 35-52-баптарының нормаларына сәйкес өткізіледі.

 

Акционерлер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдармен 2023 жылғы 01 тамыздан бастап жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін мына мекенжай бойынша таныса алады: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 19/1 үй, н. п. 10А, "Нұрлы Тау" БО,3Б блок, 7 қабат.

 

Материалдар бойынша, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысын өткізу бойынша сұрақтарға жауаптарды жұмыс уақытында мына телефондар арқылы алуға болады: +7 777 270 7177 немесе мәселені "Tansar Capital" АҚ Әкімшілік департаменті өкілінің электрондық мекенжайына жіберу арқылы (ussov@tansargroup.kz).

 

Акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша жеке өзі немесе өз өкілі арқылы дауыс беруге құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлға үшін акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.

Тіркеуден өтпеген Акционер (акционердің өкілі) кворумды айқындау кезінде есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқылы емес.

Артықшылықты акциялардың меншік иесі болып табылатын қоғамның акционері күндізгі тәртіпте өткізілетін Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және ол қарайтын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.

 

"Tansar Capital" АҚ акционерлерін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз.

Другие новости
 
26 маусым 2023
Вниманию держателей паев ЗПИФРИ "EURO FINANCE"

Касательно срока приема заявок на выкуп паев

 
26 маусым 2023
Вниманию держателей паев ЗПИФа "Global Markets"

Касательно срока приема заявок на выкуп паев

 
13 маусым 2023
Уважаемые Клиенты и контрпартнеры АО "Tansar Capital"!

 
Задать вопрос
Получите консультацию

Түймешікті баса отырып, Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Заявка на открытие брокерского счета

Түймешікті баса отырып, Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.