«TANSAR CAPITAL» АҚ жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ инвестициялық қорлардың активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады. Активтерді сенімгерлік басқару сізге өз капиталыңызды басқаруды кәсіби мамандарға сеніп тапсыра отырып, өз капиталыңызды көбейтуге мүмкіндік береді.
«TANSAR CAPITAL» АҚ тәуекелді инвестициялау акционерлік инвестициялық қорларының (ТИАИҚ) активтерін сенімгерлік басқаруды да жүзеге асырады.
ТИАИҚ артықшылықтары: салық салу бойынша жеңілдіктер, еншілес ұйымдар құру құқығы, өз активтеріне сатып алу үшін қаржы құралдарын кеңінен таңдау.
Активтерді басқару талаптары міндетті түрде клиентпен келісілетін инвестициялық декларация шеңберінде қатаң жүзеге асырылады. Клиенттердің активтерін есепке алуды және сақтауды тәуелсіз кастодиан банкі жүзеге асырады, бұл олардың барынша қорғалуына кепілдік береді. Компания клиент алған табыстан комиссиялық сыйақы алады. Бұл оның пайданы барынша арттыруға мүдделі екенін білдіреді.