«TANSAR CAPITAL» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2022 жылғы 07 қарашадағы № 4.1.1.110/49 лицензиясының негізінде бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:
- Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен БҚ нарығындағы брокерлік және дилерлік қызмет;
- Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет, оның ішіндегі қызметтің кіші түрі: ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет.
«TANSAR CAPITAL» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2022 жылғы 07 қарашадағы № 4.3.10 лицензия негізінде қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуді жүзеге асырады.